Сібір/S7 Airlines

Трансавиа Сібір/S7 Airlines әуекомпаниясының Алматыдағы өкілі болып келеді. Сібір әуекомпаниясы, S7 Airlines бренді негізінде шығарылады және жолаушы тасымалы жағынан жоғары көрсеткішке ие ресейлік үш мықты әуекомпаниялардың құрамына кіреді. Мұндай көрсеткішке жетудің басты себебі ішкі бағыттардың көп болуында. Сібір әуежелісі тұрақты түрде ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Азия бойынша рейстерді атқарады. Сібір әуекомпаниясының паркі заманауи әуекөліктерден тұрады Boeing, Aerobus және отандық кәсіпорындар шығаратын көліктер. Оның көбі бизнес-класспен жабдықталған. . S7 Airlines Ресей мен шетелдерде көптеген өкілдері бар, клиенттерге он-лайн түрде қызмет көрсету түрлері жетілдірілген. S7 Airlines (Сібір әуекомпаниясының бренді) кеңейтілген ішкі рейстерден тұрады, Мәскеудегі (Домодедово) және Новосибирсктегі (Толмачёво) әуе көліктер торабының базасынан құралған. S7 Airlines-тың ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Азия-Тынық мұхиты аумағындағы елдері бойынша рейстері бар. Дәл қазір S7 Airlines ресейлік нарықтағы заманауи және жас әуекөліктер паркін иемденеді. Оның рейстерін атқаратын ұшақтардың жасы орташа есеппен сегіз жылды құрайды. Тек шетелдік кәсіпорындар шығаратын көліктерді пайдаланады: Airbus және Boeing. Airbus A319 - 20 ұшағы, Airbus A320 - 17 лайнері, Airbus А321 - 3 ұшағы және Boeing 767-300 - 2 ұзақмагистральды лайнері. S7 Airlines oneworld жаһандық әуе альянсының қатысушысы, жолаушыларға әлемдегі үздік қызмет көрсететін көшбасшы. Оның барлық әуекомпаниялары барлық құрлықтарға таралған, 150 елді мекендердің бағыты бойынша рейстерді атқарады. Oneworld құрамындағы әуекомпнаиялардың көрсететін қызметі әлдеқайда көп. Халықаралық сапа және қауіпсіздікті қамтамасыздандыру талаптарына жауап береді. S7 Airlines заманауи технологияларды тиімді қолданады, онлайн түрде клиенттерге қызмет көрсету өрісі жоғары әрі сапалы. Клиенттерге тиімді уақытта өзіне ыңғайлы рейсті таңдауға, төлеу және тіркеу қызметтерін оңай және жылдам жүзеге асыруға, ғаламтор арқылы еш қиындықсыз билетті иемденуге жағдай жасап көмектеседі. 2011 жылдың қаңтарында ұялы телефон арқылы қону талонын иемдену қызметін енгізді. 2009 жылы S7 Airlines ресейлік әуекомпаниялардың ішінде тұңғыш болып сайтын ұсынды s7.ru. 2008 жылға қарай толықтай электронды билет технологиясына көшті (e-ticket). S7 Airlines тұрақты және жиі түрде ұшатын клиенттер үшін "S7 Приоритет" бағдарламасын шығарды, ол жолаушыларға бонус алуға мүмкіндік береді. " Сібір/S7 Airlines " әуекомпаниясының әуебилеттерін біздің агенттіктің мекемелерінен немесе арзан бағамен онлайн түрде сайтымыздан сатып алуға мүмкіндік бар. Онлайн түрде әуебилеттерін сатып алу дегеніміз автоматтандырылған іздеу барысы және әуебилеттерге тапсырыс беру арқылы кез келген мемлекетке бару үшін арзан бағамен алдын ала билетті тіркеп қоюға болады.
  • Ең бастысы қауіпсіздік! Бізбен бірге саяхаттап әлемнің кез келген жерінде өзіңізді қауіпсіздікте сезініп, жарқын оқиғаларды есте сақтай аласыз.

  • Ақша жасау-уақыт талабы! Бизнестің дамуына  ықпал ететін жылдам қызмет көрсету түрі және тиянақты шешім қабылдау қажеттілігін біз жақсы түсінеміз.

  • Істің сапалығы жетістіктің кепілі. 14 жыл бойы  клиенттерімізге көрсетіп келе жатқан адал еңбегіміздің арқасында көшбасшылық орынды иеленіп келеміз.