Transavia

байланыс орталығы:
+ 7 (727) 315 04 14 + 7 (727) 355 04 14

Lufthansa

Әуекомпания 1926 жылы 6 қаңтарда "Deutsche Luft Hansa Aktiengesellschaft" атауымен ашылып алғашқы қызмет түрлерін көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1945 жылы компания жабылып қалды.  1953 жылы жұмысын қайта бастады. 1955 жылдың 15 мамырында әуекөліктері бағыттар бойынша ұша бастады. Тұрақты және чартерлік әуетасымалдау қызметтерін көрсетумен айналысады.

Ұшатын бағыттары:

Әуекомпания көліктері Еуропа, Азия, Африка және Американың 346 қаласына ұшады. Базалық Франкфурт әуежайы тиімді қызмет түрін ұсынады, жолаушыларды 45 минуттың ішінде тасымалдайды. 1998 жылдың наурызында Lufthansa Франкфурт әуежайымен бірлесе отырып жаңа қызмет түрін енгізді, жолаушылар мен олардың жүгін келесі рейске дейін 35 минутта тасымалдайтын болды.

Паркте 384 ұшақ бар. Орта жасы 8,8 жыл. Компанияның негізгі мақтанышы саналатын бұл көліктер экологиялық жағынан тиімді, әрі заманауи талаптарға жауап береді. Олардың 88 %-ы еуропалық қатал талаптарға жауап береді.

Соның ішінде: 17 Boeing 747-400, 14 Airbus A340, 100 Boeing 737. Компания инженерлері Боинг 747 және Аэробус А340 құрастыруда атсалысқан.

Lufthansa 346 пункт бойынша қызмет көрсетеді, әлемнің 91 елді мекенінде орналасқан, басқа рейстермен түйісетін орны тиімді, "Стар Альянс" (Star Alliance) халықаралық альянс серіктестерімен бірге. Бүгінгі күнде оның әлемнің 128 елінде 700 пункі бар. Базалық әуежай: Frankfurt / Main. Компания өкілдері жолаушыларына барлық жағдайды жасауға тырысады. Сондықтан үнемі қызмет көрсету түрлері жаңартылып, жетілдіреді. 

" Lufthansa " әуекомпаниясының әуебилеттерін біздің агенттіктің мекемелерінен немесе арзан бағамен онлайн түрде сайтымыздан сатып алуға мүмкіндік бар. 

Онлайн түрде әуебилеттерін сатып алу дегеніміз автоматтандырылған іздеу барысы және әуебилеттерге тапсырыс беру арқылы кез келген мемлекетке бару үшін арзан бағамен алдын ала билетті тіркеп қоюға болады.

әуебилетті онлайн түрде сатып алу