Transavia

байланыс орталығы:
+ 7 (727) 315 04 14 + 7 (727) 355 04 14

«Аэрофлот» БАҚ (бірлескен акционерлік қоғамдастығы)

Компанияны дамытудң бірден бір жолы қызмет көрсету сапасын арттыру, соның ішінде жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің түрлерін жаңарту әрі жетілдіру. Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін “Аэрофлот” БАҚ арнайы сапа менеджментінің жүйесін құрып енгізді, ол жолаушыларға көрсетілетін жоғары қызмет түрі мен тасымалдау жұмыстарындағы қауіпсіздік жағдайларды жетілдіруден тұрады. Әлбетте халықаралық стандарттарға жауап беретіндей жасалған. Сапа менеджментінің жүйесі компанияны басқарудың заманауи құралы болып келеді. Ол тұтынушыға ұсынып отырған тауардың сапасын арттыруға бағытталған. Біздің әуекомпания Әуефлоттың жолаушыларды тасымалдау кезінде көрсетілетін қызметтің сапасына қатысты талаптарына жауап беретін мониторингті жүзеге асырады. Сондай-ақ, «Жасырын жолаушы» тәсілі қолданылады; маркетингтік зерттеулер жүргізу, сұрау салу, «Ашық желіге» келіп түсетін хаттар негізінде тұтынушының қалауын анықтайды. Халықаралық Әуекөлігінің қауымдастығы (IATA) біздің компанияның жұмысын үнемі бағалап отырады және дүние жүзіндегі беделді әуекомпаниялармен салыстырады. Алған нәтижелер негізінде жетілдіру жолдары талқыланып қарастырылады.

            Үшінші тәуелсіз жақтың растауымен біздің компанияның жұмысы ISO 9001:2000 халықаралық стандарттарға жауап беретіндігі бәсекеге қабілеттілігін арттырады және тұтынушылардың бізге деген сенімін бекітед:

  • Клиенттердің талаптары мен сенімдеріне қарай қызметіміз құрылады;
  • Жеткізушілер мен серіктестер бізге толық сенуге құқылары бар, біздің ішкі ұйымдастырушылығымыз тікелей халықаралық талаптарға жауап береді;
  • Қожайындар мен инвесторлардың тарапынан қосқан үлесін компания ақтайды, табыс көзі өсіп, нарықтағы үлесінің артуына кепілдік береді;
  • Компания қызметкерлері жұмыстың тұрақтылығына, толықтай қамтамасыз етілуіне, кәсіби шеберлігін шыңдауға және қызмет орынның өсуіне сенімді;
  • Қоғам Аэрофлот компаниясын тұрақты және қауіпсіз түрде қабылдайды.

2007 жылдың желтоқсанында TUV CERT халықаралық сертификаттау орган өкілдерінің жетекшілігімен компанияның сапа менеджмент жүйесіне тексеру жұмыстары жүргізілді. Әуекомпанияның құрылымдық бөлімдері бұл сынақтан сүрінбей өтті, нәтижесінде 2008 жылдың ақпанында Аэрофлот ISO сертификатына ие болды.

Қауіпсіздік

Аэрофлот ресейлік әуетасымалдаушылардың ішінде бірінші болып Халықаралық Әуекөлігі қауымдастығының (IOSA) қауіпсіздік жөніндегі тексеру жұмыстары кезінде жоғары көрсеткіштерге ие болып, IOSA операторы ретінде тіркелді.

"Аэрофлот " әуекомпаниясының әуебилеттерін біздің агенттіктің мекемелерінен немесе арзан бағамен онлайн түрде сайтымыздан сатып алуға мүмкіндік жасалған. 

Онлайн түрде әуебилеттерін сатып алу дегеніміз автоматтандырылған іздеу барысы және әуебилеттерге тапсырыс беру арқылы кез келген мемлекетке бару үшін арзан бағамен алдын ала билетті тіркеп қоюға болады.

әуебилетті онлайн түрде сатып алу