British Airways

British Airways – бір жыл бойы төмен тарифтер мен бүкіл дүние жүзі мемлекеттері бойынша кеңейтілген маршрутты ұсынатын халықаралық әуекомпаниясы, сондай-ақ орталық әуежайларды да қамтиды. British Airways компаниясы туралы. British Airways компаниясы 1919 жылдың 25 тамызында құрылды. Ол Ұлыбританияның ең ірі әуетасымалдаушысы болып саналады. Еуропада British Airways үшінші орында. Жыл сайын кәсіпорын 35 млн. астам жолаушыларға қызмет көрсетеді, 1990 жылы әлемдегі ең табысты компания ретінде атанды. Компания ірі Oneworld әуеальянысының мүшесі болып келеді. Қазіргі таңда British Airways әлемнің жүз елінде орналасқан 233 қалаларына тасымалдау жұмыстарын жүргізеді. Ресейден АҚШ, Канада, Австралия, Азия елдеріне, Латын Америкасы мен Африкаға ұша аласыз. British Airways ұшақ паркі ең ірі және «жас». Оған тек заманауи әуелайнерлер жатады: Boeing 737-300, Boeing 737-400, Boeing 737-500, Boeing 747-400, Boeing 757-200, Boeing 767-300, Boeing 777-200, Airbus A318, Airbus A319, Airbus A320, Airbus A321. Алғашқылардың бірі болып жоғары дыбысты Конкордтарды пайдалана бастады. 2006 жылы компания Скайтракс беделді сыйын ұтып алды. Кеіннен оған OAG Airline of the Year, Best Airline Based in Western Europe, Best Transatlantic Airline, және Best Europe - Asia/Australasia Airline қосылды. Компания ұранын ағылшын тілінен аударғанда «Дүние жүзінде жақсы көретін әуекомпания» деген мағынаны береді. Арнайы құрылған бағдарлама бойынша Executive Club тұрақты клиенттеріне сый беріледі: ВА мильдерін қосады және бонустарын жинайды. Миль үздік әуебилеттерге айырбастауға, ал бонус жинау арқылы көрсетілетін қызмет түрін таңдауға мүмкіндік береді. British Airways тек электронды әуебилеттерді тәжірибеде қолданады. Ұшақтардың салоны бес топқа бөлінеді. New first class BA – британ ұшағының бірінші тобы, салонның ерекше интерьерімен көзге түседі, ұлттық сипатта жасалған. Үлкен де әсем залдар мен үздік ресторан орналасқан. Уақыт үнемділігін ескере отырып тіркеу бөлімінен жылдам еш қиындықсыз өтуге бар мүмкіндіктер жасайды. Сондай-ақ салонда жеке кабиналар бар, өз уақытыңызды қалай өткізем десеңіз өз хақыңыз. Салонның іші жарық. Электронды жалюзилер ерекше үй жайлылығын сездіреді. Әр клиенттің алдында заттарын қоятын өз сүресі және үлкен көлемді экраны бар. Ол USB портымен және RCA дыбыс шығаратын нүктесімен жабдықталған. Club World – бизнес тобы. Мұнда көлденең төсектер бар. Дизайнерлік интерьер үй жайлылығын сыйлайды. World Traveller Plus – эконом кластың жаңартылған түрі, салонда сапа мен бағаға сай тепе-тең қалыпқа жауап беретін қызмет түрлері көрсетіледі. Басқа салондардан бөлек орналасқан 5 қатарлы орындықтардан тұрады, жайлылықтың арқасында ұзақ жол байқалмай кетеді. World Traveller, Euro Traveller – салонның эконом класы, ыңғайлы әрі жайлы орындықтары мен кино, бейнеойындардың алуан түрі бар. Club Europe – бизнес класы, көк түсті терімен қапталған жайлы орындықтардан тұрады. Сондай-ақ жол аясында сізге жаңғақтар мен канапе, ыстық шоколад пен шөптен жасалған шай, әр түрлі тәттілер мен тоқаштар ұсынылады. Ағылшын және орыс тілді баспасөз беттері де беріледі. "British Airways" әуекомпаниясының әуебилеттерін біздің агенттіктің мекемелерінен немесе арзан бағамен онлайн түрде сайтымыздан сатып алуға мүмкіндік бар. Онлайн түрде әуебилеттерін сатып алу дегеніміз автоматтандырылған іздеу барысы және әуебилеттерге тапсырыс беру арқылы кез келген мемлекетке бару үшін арзан бағамен алдын ала билетті тіркеп қоюға болады.
  • Ең бастысы қауіпсіздік! Бізбен бірге саяхаттап әлемнің кез келген жерінде өзіңізді қауіпсіздікте сезініп, жарқын оқиғаларды есте сақтай аласыз.

  • Ақша жасау-уақыт талабы! Бизнестің дамуына  ықпал ететін жылдам қызмет көрсету түрі және тиянақты шешім қабылдау қажеттілігін біз жақсы түсінеміз.

  • Істің сапалығы жетістіктің кепілі. 14 жыл бойы  клиенттерімізге көрсетіп келе жатқан адал еңбегіміздің арқасында көшбасшылық орынды иеленіп келеміз.