Трансаэро

«Трансавиа» Трансаэро әуекомпаниясының Ақтау, Атырау, Орал, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбедегі  өкілі болып табылады. 
“Трансаэро”- Ресей тарихындағы алғашқы жекеменшік әуекомпаниясы. Алғашқы бастамасынан–ақ ол жаңа тұрғыдан құрылып, дүние жүзіндегі азаматтық әуежілісінде жинақталған үздік тәжірибелерді жинақтаған. 
     “Трансаэро” әуекомпаниясының туған күні – 5 қараша 1991 жыл. Өз UN коды бар жалға алынған ұшақ арқылы алғашқы аспанға көтерілу сәті болды. Оның бағыты Мәскеу-Тель-Авив-Мәскеу еді. 
“Трансаэро” Ресейдегі ең алғашқылардың бірі болып өз ұшақтарын шетелдік маркалармен қамтамасыз етті, ішкі рейс жолаушыларына халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсете бастады (Бизнес классты енгізді), икемді тариф және жеңілдіктер жүйесін шығарды; сондай-ақ алғашқылардың бірі болып тұрақты клиенттерге үстемдік беретін арнайы “Трансаэро артықшылықтары” бағдарламасын жасап шығарды; электронды коммерцияны – әуебилеттерді Ғаламтор арқылы сату және веб-тіркеу қызметтерін енгізді. 
    Компания шығаратын тауардың сапасы жоғары деңгейде болғандықтан тұтынушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие болды. Қазіргі таңда компанияның көптеген қызметтері басқа әуекомпанияларына қарағанда әлдеқайда ерекше. Оның сапа менеджменті ISO 9001:2008 талаптарына сай сертификацияланған, сондай-ақ,     IOSA халықаралық қауіпсіздік жөніндегі  сертификатына ие. “Трансаэро” тұрақты рейстеріне 4 топ бойынша қызмет көрсететін Ресейдегі жалғыз әуекомпаниясы. Олар: Империал, Бизнес класс, үнемді сыйлықақылы және Туристік үнемді кластар. 
    “Трансаэро”  ұшқыштары Boeing, United Airlines, American Airlines, British Airways компанияларында, ал аспансеріктері Air France, British Airways, Finnair, KLM сынды компанияларда тәжірибеден өткен, 1994 жылы өзінің жеке Оқу орталығы ашылды, кәсіби білікті мамандарды дайындайды. 


"Трансаэро " әуекомпаниясының әуебилеттерін біздің агенттіктің мекемелерінен немесе арзан бағамен онлайн түрде сайтымыздан сатып алуға мүмкіндік жасалған.  

Онлайн түрде әуебилеттерін сатып алу дегеніміз автоматтандырылған іздеу барысы және әуебилеттерге тапсырыс беру арқылы кез келген мемлекетке бару үшін арзан бағамен алдын ала билетті тіркеп қоюға болады. 

  • Ең бастысы қауіпсіздік! Бізбен бірге саяхаттап әлемнің кез келген жерінде өзіңізді қауіпсіздікте сезініп, жарқын оқиғаларды есте сақтай аласыз.

  • Ақша жасау-уақыт талабы! Бизнестің дамуына  ықпал ететін жылдам қызмет көрсету түрі және тиянақты шешім қабылдау қажеттілігін біз жақсы түсінеміз.

  • Істің сапалығы жетістіктің кепілі. 14 жыл бойы  клиенттерімізге көрсетіп келе жатқан адал еңбегіміздің арқасында көшбасшылық орынды иеленіп келеміз.